Сот отырысында судья Қарабаевтың тілін шығарған видеосы желіде тарап кетті.
Тілін шығарып, әдепсіз қылық жасаған судья Қарабаевқа тексеріс жүргізіледі
видеодан скриншот жасалды
927
оқылды

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық бойынша төрағалық еткен судья Әбинұр Қарабаевқа қатысты тергеу тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сот отырысында судья Қарабаевтың тілін шығарған видеосы желіде тарап кетті.

Шымкент сотының баспасөз қызметі судьяның тәртібі жан-жақты тексерілетінін мәлімдеді.

"Шымкент қаласы әкімінің орынбасарын өлтіруге оқталу туралы қылмыстық істі қарау кезінде төрағалық етуші судья Әбинұр Қарабаевтың әрекеті Судья әдебі кодексін бұзғаны үшін тергеліп жатыр", – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.

Қызметтік тергеп-тексеру материалдары сот әдебі жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.

"Судьяның беделін түсіретін құқықбұзушылық жасау фактісі расталса, материалдар Жоғарғы Сот кеңесі жанындағы сот жюриіне жіберіледі", – деп толықтырды соттың баспасөз қызметі.