Республика бойынша жел күшейеді.
20 тамызда жаңбыр, бұршақ жауады: синоптиктер ескерту жасады
Фото: istockphoto.com
462
оқылды

Синоптиктер 20 тамыз, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, республиканың батысы, оңтүстігі және шығысында антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірлеріне әсерін сақтайды. Осыған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік-батыс пен солтүстікте бұршақ түсуі ықтимал. 

Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстік, батыс пен орталықта тұман түседі, ал оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.