Полицияның мәліметінше, күдікті жәбірленушіге қысым көрсетіп, бірнеше жыл бойы ақша алып келген. Қыз қорқыныштан оған миллиондаған теңге аударған.
«Суреттеріңді жариялаймын»: оралдық жігіт сүйіктісін бопсалап, 9 миллион теңге алған
705
оқылды

Оралда 23 жастағы жігіт үш жыл бойы бұрынғы қызын интимдік суреттерін интернетке шығарамын деп қорқытып, одан жалпы 9 миллион теңге талап еткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Полицияның мәліметінше, күдікті жәбірленушіге қысым көрсетіп, бірнеше жыл бойы ақша алып келген. Ал қыз қорқып, оған миллиондаған теңге аударған.

Тергеу барысында банктік аударымдар мен мессенджердегі хат алмасулар айғақ ретінде тіркелген. Күдікті соңғы рет 150 мың теңге алу кезінде ұсталып, қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.