Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева марқұм жұбайы, күйші әрі композитор Тасқын Оқаповты сағынышпен еске алды. Өнер иесі жүрегіндегі жазылмас қасіреті туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Әншінің айтуынша, ол сүйікті жарынан айырылуды «ішімдегі жазылмайтын жара» деп сипаттайды. Соған қарамастан, Рымбаева қайғысын сыртқа шығара бермей, әсіресе балаларының алдында қайсарлық танытуға тырысқанын айтады. Аналық борышты биік қойған ол перзенттеріне сабыр мен төзімділік үлгісін көрсетуді мақсат еткен.
"Менің ішімдегі жазылмайтын жара ғой. Сондықтан балалардың алдында көз жасымды көрсетпеуге тырысамын. Көрерменге де мықты әйел болып көрінгім келеді, – дейді ол.
Роза Рымбаеваның бұл жүрекжарды сөздері көпшіліктің көңіліне әсер етіп, халық әртісінің өмірге деген берік ұстанымын тағы бір қырынан айқындады.