Кеше Астанада «Конституциялық реформа және БАҚ дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
БАҚ – конституциялық  реформаның діңгегі
3,291
оқылды

Дөңгелек үстелге Сенат депутаты, «Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті Бибі­гүл Жексенбай, Мәжіліс депутаты, «Халықаралық заңгерлер қауымдас­ты­ғы» ҚБ президенті Марат Башимов, Республикалық заң консультанттары па­латасының төрағасы Серік Ақылбай, «Азаматтық альянс» ЗТБ атқарушы ди­ректоры Нұрас Ералы, Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Әлішер Мұқажан, «Абай» телеарнасының ди­ректоры Еркін Мұхамеджанов, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директорының орынбасары Қамбар Ахметов, «Бас редакторлар клубының» вице-президенті Мұратбек Тоқтағазин, Qazcontent АҚ төрайымы Айна Задабек, QR news пор­талының директоры Нұрбол Төлебаев, «Бас редакторлар клубының» атқару­шы директоры Бибігүл Құламан, журналист, медиаменеджер Абай Сейфолла қатысты. 

Басқосу барысында БАҚ-тың конституциялық реформаны ілгерілетудегі рөлі, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекет пен қоғам ара­сын­дағы диалогты қалыптастыру мәселелері талқыланды. Қатысушылардың ай­туынша, реформалардың мән-мағынасын кең аудиторияға жеткізуде және де­мократиялық процестерге деген сенімді нығайтуда БАҚ басты құрал болып та­былады. Спикерлер БАҚ қызметінің құқықтық негіздерін нығайту, олардың жауап­кершілігі мен тәуелсіздігі, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударды.

«Халықаралық тәжірибеге жүгінсек, дамыған елдерде құқықтық мәдениет мек­­тептен бастап қалыптасады. Азаматтарға қолжетімді ақпараттық ресурс­тар, заңгерлік консультациялар, онлайн сервистер арқылы құқықтық қолдау көр­сетіледі. БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның ұсынымдарында да халықтың құқықтық білі­­мін арттыру – тұрақты дамудың негізгі факторы ретінде белгіленген», – деп атап өтті Бибігүл Жексенбай.

«Конституциялық реформа бұл тек құқықтық жүйедегі өзгерістер ғана емес, сонымен қатар демократиялық құндылықтарды нығайту. Бұл ретте БАҚ ерек­­ше рөлге ие, себебі олар қоғамға реформалардың мәнін түсіндіріп, оның нә­ти­­желеріне деген сенімді қалыптастырады», – деді Марат Башимов.

Дөңгелек үстел «Бас редакторлар клубы» ҚБ мен Конституциялық сот ара­­­сындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында өтті. Іс-шара қо­ры­­тындысы бойынша қатысушылар құқықтық мәдениетті дамыту және де­­мок­ратиялық процестерде БАҚ рөлін нығайту бағытында диалогты әрі қа­рай жалғастыруға және журналистердің құқықтық сауаттылығын арттыруға ар­­­н­­алған оқыту сабақтарын өткізуге уағдаласты.

Мейір ЖАСЫН