Отандық қаламгерлерді қолдап, қазақ әдебиетінің дамуына серпін беруді мақсат еткен «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау кезеңі аяқталуға жақын. Аталған сайыс биыл төртінші рет өткізіледі.
Қаламгерлер додасы
4,512
оқылды

Байқауға «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік әдеби аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік әдеби сын» және «Үздік комикс» номинациялары бойынша бұрын жарияланбаған туындылар қабылданады.  

Әдеби бәйгеге қатысқысы келетін қазақстан­дық қаламгерлердің жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды. Сайыстың жүлде қоры – 35 млн теңге. Әр аталымның жеңімпазы 5 млн теңгеден иеленеді.

Қазір ұйымдастырушыларға 66 шығарма түскен. Оның ішінде: «Үздік проза» – 18, «Үздік поэзия» – 10, «Үздік драматургия» – 12, «Үздік әдеби сын» – 3, «Үздік әдеби аударма» – 5, «Үздік балалар әдебиеті» – 17 және «Үздік комикс» аталымына 1 жұмыс жолданған.

Айта кетейік, өтінімдер 2025 жылдың 1 қыркүйегіне дейін www.aiboz.kz сайты арқылы қабылданады. Жеңімпаздар жыл соңында анықталады.