Бірақ ол ота жасатпаған.
«Осы жолы қауіп-қатер болды»: Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші перзентін қалай босанғанын айтты
807
оқылды

Жақында ғана бесінші сәбиін жарық дүниеге алып келген әртіс, Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Қайырлы күн, жақсыларым! Жаным аман қалып, жарық дүниеге бөпемді дін аман-сау әкелгеніме шүкіршілік айтып жатырмын. Қалжаланып шілде терімді де шығарып, қалпыма келіп, барлық у-шуға тосқауыл қойдым.

Әр сәтімнен ләззат алып, үйде жұмақ иісін иіскеп жатырмын», – деді актриса.

Сондай-ақ ол босану процесінің қалай өткенін айтып, оқырмандарын ойландырып қойды.

«Аллаға сансыз шүкір, бәрі өз уақытымен өтті. Сондықтан да мен отадан қаштым. Осы жолы бәрі басқаша өтті, себебі қауіп-қатер болды», – деп жазды ол.