Кеше олар отау құрған күн екен.
«Жыл сайын шүкіршілікпен еске аламыз»: Қарақат Әбілдина тұрмысқа шыққан кезі туралы айтты
924
оқылды

Еліміздегі белгілі әнші Қарақат Әбілдина осыдан 20 жыл бұрын Қыдырәлі Болмановқа тұрмысқа шыққан сәтін есіне алып, жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

"Біздің отбасымыз үшін ерекше күн. Дәл осы 20 тамыз күні ақ некеміз қиылып, жаңа өмірге қадам басқан едік.

Инстаграм болмаған шақта да бұл күн елеусіз қалған емес, жыл сайын шүкіршілікпен еске аламыз.

Былтыр күміс тойымызды атап өттік білесіздер. Тойдың ерекше сәті алғаш некемізді қиып, батасын берген Лесбек қажының ширек ғасырдан кейін бақыт тойымыздың тағы да куәсі болып, ортамызда болғаны еді.

Біз үшін үлкен қуаныш, терең мәні бар сәт. Міне, сол алғашқы сәт пен былтырғы күміс тойымыздан шағын естелік видеосын бөлісіп отырмын. Қарап отырып, бір сәтке, сол жылдарға қайта оралғандай болдым. Әр шаңырақ мешітте Алланың разылығы үшін ақ некемен басталуы тиіс. Бірақ біздің заманда мешітте неке қию деген үрдіс болмаған. Біз алғаш бастаған сол ізгі жолдың кейін қалыпты дәстүрге айналғанын көру өз алдына бір қуаныш”, – деп жазды әнші.