«Отбасы банк» Жетісу облысы әкімдігімен бірлесіп «Маман» атты жаңа ипотекалық бағдарлама бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жобаға 1 млрд теңге бөлінген.
Бағдарламаның шарттары:
Бастапқы жарна – 10%;
Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
Несие сомасы – 20 млн теңгеге дейін.
Кімдер қатыса алады:
журналистер мен БАҚ қызметкерлері;
медицина саласының мамандары (дәрігер, медбике, фельдшер және т.б.);
балабақша, мектеп және колледж қызметкерлері (тәрбиеші, педагог және т.б.);
мәдениет саласы қызметкерлері, шығармашылық одақ мүшелері;
мемлекеттік спорт ұйымдарының спортшылары мен жаттықтырушылары;
энергетика саласының мамандары;
«Азаматтарға арналған үкімет» филиалдарының қызметкерлері;
туризм саласының қызметкерлері;
саяси партия филиалдарының қызметкерлері.
Негізгі талаптар:
Соңғы 3 жыл бойы Жетісу облысында тұрақты тіркеуде болу;
Өңірде кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
Соңғы 5 жылда (өтініш беруші және отбасы мүшелері) баспана иелігінде болмауы.
Өтініш қабылдау мерзімі:
2025 жылғы 25 тамыз – 5 қыркүйек.
Құжаттар қала және аудандық ТКШ бөлімдерінде қабылданады. Алдымен жергілікті атқарушы органнан (әкімдіктен) жолдама алу қажет.
Қажетті құжаттар:
Жеке куәлік (өтініш беруші және жұбайы);
Неке қию/бұзу, балалардың туу туралы куәлігі;
Жалақы туралы анықтама (6 немесе 12 ай);
Зейнетақы аударымдары туралы анықтама;
ҚР бойынша мүліктің жоқтығы туралы анықтама;
Жеке кәсіпкер болса – соңғы 12 айдағы шот үзіндісі (PDF).
Таңдау баллдық жүйе бойынша жүргізіледі:
35 жасқа дейінгі үміткерге – 5 балл;
Некеде болса – 5 балл және әр жыл үшін қосымша 2 балл;
Бірінші балаға – 1 балл,
екінші және кейінгілерге – 2 балл.