Тик-ток әлеуметтік желісінде блогер Аружан Тойғалиева өзінің артынан жүз миллион теңгелік қыз жасауын апарған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
"Артымнан апартқызған жасауым менде бұрыннан бар дүниелерім еді. Ол жасаудың ішіне 20 миллион теңгелік көлігім, 50 миллион теңгеге бір ғимарат алғам, соны қостық, бұған дейін бір пәтерім бар еді, ұзатуға екі күн қалғанда, мен тағы екі пәтер сатып алдым, жасауға қостырдым", – деген Аружан тапқан дүниесін өзімен бірге алып кететінін айтады.
Әлеуметтік желі қолданушылары таңданысын жасырмай, түрлі пікір қалдырды.
"Бұндай бай болсам, байға шықпайтын да едім", "Бізге де бұйырсын", "Қыз ақылды екен, жарайсың", "100 миллионға не деген жасау ол", – деп жазды.