Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша сотталған Қуандық Бишімбаевтың бауыры – Бақытжан Байжановқа амнистия жасалды. Соттың тиісті шешімі заңды күшіне енді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі растады. Байжановтың нақты қашан бостандыққа шығатыны хабарланбады, бірақ біз өзіміз есептеп көрдік.
Астана полициясының мәліметінше, Бақытжан Байжанов 2023 жылғы 12 қарашада қамауға алынған. Сол уақыттан 2024 жылдың шілдесіне дейін ол тергеу изоляторында отырған. Заң бойынша изолятордағы бір күн түзету мекемесінде 1,5 күн болып есептеледі. Сонымен қатар амнистия кезінде Байжановтың жазасы шамамен 8 айға қысқаруы мүмкін.
Осылайша, біздің шамамен жасаған есеп бойынша, Қуандық Бишімбаевтың ағасы 2026 жылдың қазан айында бостандыққа шығуы ықтимал.