Алматы қаласының Жароков көшесінде орналасқан тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға үйдің төртінші қабатындағы балконнан басталып, жалын пәтердің ішіне тараған.
Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер көрші пәтерлерден 11 адамды, оның ішінде үш баланы қауіпсіз жерге шығарды.
Өрт шамамен 30 минутта толық сөндірілді. Жалын 30 шаршы метр аумақты шарпыған. Қаза тапқандар жоқ, ал зардап шеккендерге қатысты мәлімет нақтылануда.