Ал әнші Наркенже Серікбаева болса, қызын дәл осылай ұзатуды арман еткенін айтты.
«Өсекке емес, өсиетке терең елміз!»: Наркенже Серікбаева қызының жеке мәселесіне араласқандарға жауап берді
960
оқылды

Қазір әлеуметтік желіде орынсыз пікір айтып, мәселенің байыбына бармайтындар көбейді. Мәселен, жақында ғана қызын ұзатқан Наркенже Серікбаева өзіне айтылған сынға өте жақсы жауап жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мәселен, әлеуметтік желі қолданушылары бұрын тұрмыста болған қызын ұзатқан Наркенженің әрекетін орынсыз сынға алған. 

"Ажырасқан қызын қайта ұзатуға қазақ ұялмайтын болды ғой", "Бұлар да ырбыңдап салтты бұзып, екінші рет ұзатылмайды", "Қазағым, екінші рет ұзатпайды. Тек орамал ауыстыру керек", "Байға тиген сайын ұзататын салт қазақта жоқ қой", деп жазды олар. 

Ал әнші Наркенже Серікбаева болса, қызын дәл осылай ұзатуды арман еткенін айтты. Әрі барша қазақты өсекке емес, өсиетке, жақсы тілекке тілеулес болуға шақырды.

"Кешелі бері біздің үйдің қуанышы, бүкіл әлеуметтік желіні жаулап, жақсылы-жаманды пікірлер жауып жатыр. Өсекке емес, өсиетке терең болған елміз ғой, қашанда жақсы ойда, жақсы ниетте, жақсы тілекте болайық! 

Жанымның саясы болған Жансая қызым, Шырайлы Шымкенттен, Жазиралы Жаркентке ұзатылды. Қимастықпен шығарып салдық. Толқыдық, жыладық, қуандық… Жаныңның бөлшегін қапияда, жат ұяға қиып беру әрине оңай емес. Дегенмен жастар бір-бірін ұнатып, білек ұстасқан соң батамызды бердік. Қызымды дәл осылай ұзатамын деп армандадым, ниет еттім. Мен ұзатқан қыздар қайтып келмеген, - деп сөзін түйіндеді дәстүрлі әнші".