Бұл туралы жасөспірімнің анасы мәлімдеді.
Қоқыс тастауға шыққан жасөспірім 1 айдан кейін табылды
Фото: facebook
5,667
оқылды

Алматыда қоқыс тастауға шығып, із-түзсіз жоғалған жасөспірім бір айдан кейін табылды, – деп хабарлайды Аikyn.kz  Janabastau.kz-ке сілтеме жасап.

16 жастағы Айдос Әкімбаев 28 шілде күні Мамыр-3 шағынауданындағы үйінен қоқыс тастау үшін шығып, жоғалып кеткен еді. Жасөспірімнің анасы әлеуметтік желіде қазақстандықтардан көмек сұрады. 

Бүгін, 22 тамыз күні жасөспірімнің анасы Баян Әкімбаева желіде жазда жариялап, ұлының табылғанын мәлімдеді. 

“Баламды таптым. Айдосым қазір жанымда. Барлықтарыңызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Отбасыма, жақындарыма, әріптестеріме және достарыма. Құдайға шүкір”, – делінген жазбада. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.