Қырғызстандағы Жеңіс шыңында ресейлік альпинист Наталья Наговицына қайғылы жағдайда көз жұмды.
Танымал спортшы тау басында сусыз, тамақсыз қалып қойып, көз жұмды
Фото: ашық дереккөз
928
оқылды

Спортшы 7 200 метр биіктікте 11 күннен астам уақыт бойы -26 градус аязда, тамақ пен сусыз экстремалды жағдайда қалып қойған, – деп хабарлайды Sportinside.kz.

Альпинистің денесін тек ауа райы жақсарған соң ғана эвакуациялау мүмкін болады. Ол үшін тікұшақтың 7 шақырым биіктікке көтерілуі қажет. Бұған қоса, Наговицынаны құтқаруға тырысқан италиялық альпинистің денесін алуға бағытталған құтқарушылар тобы 4 500 метр биіктіктен әрі аса алмай кері қайтқан.

Экспедиция қатысушысы Илья Храбровтың айтуынша, шыңнан түсу кезінде альпинистердің бірі тайып кетіп, Наговицынаны бірге сүйреп кеткен. Салдарынан ол аяғын сындырып алған. Әріптестері оған 7 200 метр биіктікте шатыр қалдырып, өздері тоңып, әбден әлсірегендіктен төмен түсуге мәжбүр болған.

Айта кетейік, төрт жыл бұрын Наговицынаның күйеуі де Хан-Тәңірі шыңында қаза тапқан. Ол кезде ер адам биікте сал болып қалған, ал альпинист әйел соңына дейін жанында болған еді. Құтқарушылар тек Натальяны эвакуациялағанымен, оның жұбайын аман алып қалу мүмкін болмаған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.