Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіске және Қытай халқының жапон басқыншыларына қарсы күрестегі Жеңісіне 80 жыл толды.
Астанада тарихи Жеңістің 80 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті
Дария Берікқызы
360
оқылды

Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшілігі мен Қытай жоғары оқу орындарын тәмамдаған түлектер қауымдастығы «Тарихты еске алу және бейбітшілікті бірге құру: Қытай халқының жапон басқыншылығына қарсыласу соғысының Жеңісі мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіске және Қытай халқының жапон басқыншыларына қарсы күрестегі Жеңісіне 80 жыл толды. Бұл дата – жай ғана тарихи күн емес, бостандық пен бейбіт өмірді сақтау үшін жан қиған миллиондаған адамның ерлігін айқындайтын тарихи белес.

Іс-шараның мақсаты – ерлік жасаған жауынгерлердің рухына тағзым ету, тарихи шындықты сақтау жолында күш біріктіру, халықтар арасындағы, әсіресе жастар арасындағы достықты нығайту және бейбітшіліктің барша халық үшін ең қымбат құндылық екенін көрсету.

Жиынға Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь, сарапшылар, саясаттанушылар мен соғыс ардагерлері қатысты.