Сауд Арабиясының 2025 жылғы Суперкубогы Гонконгте өтті. Финалда «Әл-Әхли» пенальти сериясында «Әл-Насрды» 5:3 есебімен жеңіп, чемпион атанды.
Негізгі ойын 2:2 есебімен аяқталды. «Әл-Наср» сапынан Криштиану Роналду мен Марсело Брозович гол соқты. «Әл-Әхлиге» Франк Кессье мен Рожер Ибаньес жауап қайтарды.
Пенальтиде қақпашы Эдуар Менди шешуші сейв жасап, «Әл-Әхли» екінші рет Суперкубок иегері болды. Ал Роналду екі жыл қатарынан «Әл-Насрмен» трофейсіз қалды.