Бұл жеңіс арқылы Нұртас Ажбенов кәсіби мансабындағы 17-ші жекпе-жегін ұтып, өз титулын сәтті қорғады
Қазақ боксшысы қарсыласын 84 секундта нокаутпен ұтып, WBC белбеуін сақтап қалды
3,583
оқылды

Ақтөбеде өткен кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Нұртас Ажбенов (16-1, 6 КО) пен Қанат Узбекбаев (8-2, 7 КО) кездесті, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Sports.kz мәліметінше, жекпе-жек жеңіл салмақта өтті, ал бәсекенің басты жүлдесі – Қазақстанның Кәсіпқой бокс комиссиясының чемпиондық белбеуі.

12 раундқа жоспарланған жекпе-жек небәрі бірінші раундта аяқталды. Н.Ажбеновке қарсыласын нокаутқа жіберу үшін 84 секунд жеткілікті болды.

Бұл жеңіс арқылы Нұртас Ажбенов кәсіби мансабындағы 17-ші жекпе-жегін ұтып, өз титулын сәтті қорғады. Ал Қанат Узбекбаев үшін бұл үшінші жеңіліс болды. Айта кетейік, Н.Ажбенов WBC Asian Continental чемпионы да болып саналады.