Бірінші айналымнан оңай өтті
Юлия Путинцева US Open турнирінің екінші айналымына шықты
836
оқылды

Қазақстандық теннисші (WTA №55) US Open турнирінің алғашқы кездесуінде Элизабет Коччиареттоны (WTA №85) 6:4, 7:6 есебімен жеңді.

Келесі айналымда Путинцева Анна Калинская мен Клерви Нгунне арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі. Осы жеңістің арқасында ол 154 мың доллар көлемінде жүлде қорын еншілеп отыр. Нью-Йоркте спортшы өткен жылғы үшінші айналым нәтижесін қорғауда.

Бүгін US Open турниріндегі алғашқы кездесуін Елена Рыбакина (WTA №10) өткізеді. Оның қарсыласы – 16 жастағы дебютант Жюльетта Пареха (WTA №338).