«AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Ақжарма ауылында ойын алаңы пайдалануға беріліп, шағын футболдан ашық біріншілік өтті.
Ақжармада ойын алаңы бар
4,495
оқылды

Іс-шараға партияның аудандық фи­лиалының төрағасы, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев, «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалы­ның атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагим­ұлы арнайы қатысты. Сондай-ақ даңқты боксшылар Мұхтархан Ділдәбеков пен Біржан Жақыпов құрметті қонақ ретінде келді.

Ойын алаңының салынуына және шағын футболдан өткізілген жарыстың ұйымдастырылуына «Ақжарма» бастауыш партия ұйымының төрағасы, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Марат Бисенов қолдау білдірді. 

Аудандық партия филиалының төрағасы Ержан Әжікенов бұқаралық спортты да­мыту басым бағыттардың бірі екенін айтып, Президенттің тапсырмасымен об­лыс әкі­мінің қолдауымен Сыр өңірінде, Сырдария ауданында спорт саласы қарқынды дамып келе жатқанын айтты. 

Ал Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Мұхтархан Ділдәбеков ауылдағы спорт саласының дамуын оң бағалап, тілектестігін білдірсе, ойын ала­ңының салынуына қолдау білдірген Марат Бисенов ауылдың дамуына үлес қосу азаматтық парызы екенін айтып өтті. Ал­дағы уақытта да іргелі елді мекенді өркендету бағытында тың жобалар жүзеге асыры­латынына назар аударып, ауыл тұрғындарын туған жерді көркейтуге және ел мүддесі жолында бірлесе еңбек етуге шақырды.

Айта кету керек, ойын алаңының ашы­луына орай ел ағаларының ауылға кел­ген сапарында ақжармалық бес бүлдіршін­нің тұсауы кесілді. Жас өрендерге «Ақжарма» бастауыш партия ұйымының атынан сый-сияпат көрсетіліп, қариялар ақ батасын берді.

Елнар ЕЛТАЙ