Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Қызылордадағы құрылыс дүкенінде өрт шықты
ТЖМ
2,089
оқылды

Қызылорда қаласындағы Төле би көшесінде орналасқан 3 қабатты құрылыс дүкенінде өрт шықты. Тілсіз жау ғимараттың 50 шаршы метр сыртқы қаптамасын және 6 шаршы метр лифт шахтасын шарпыған.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жалынның дүкен ішіне таралуына жол бермей, 50 шаршы метр аумақтағы өртті қысқа уақытта сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.