Қазір бала күтуші жалдау тек ауқатты отбасылардың емес, қарапайым жұрттың да қажеттілігіне айналды. Дегенмен өз балаңды бөтеннің қолына тапсыру да, біреудің баласын мойныңа алу да оңай емес. Aikyn.kz авторы бүгінгі тенденцияға назар аударды.
Соңғы кездері филлипиндік бала күтушілерге сұраныс артқан. Себебі филиппиндіктер ағылшын тілінде еркін сөйлейді. Бұл ата-ана үшін де, бала үшін де үлкен мүмкіндік: бала ерте жастан екі тілде сөйлеп өседі. Баланың ой-өрісі мен дамуына мұндай орта пайдалы. Сонымен бірге олар еңбекқор, тапсырмадан бас тартпайды, балаларға қатты дауыс көтермейді, шыдамды келеді. Үлкен отбасында өскендіктен, бала бағуда тәжірибесі мол. Қазір агенттіктер де филлипиндік күтушілерді көп ұсынып жүр. Біз хабарласқан агенттік тек осы бағытта жұмыс істейді екен.
– Филипиндік бала күтуші қазақша да, орысша да бірауыз сөз білмейді. Демек, ол отбасындағы әңгімелерді түсінбейді, ақыл айтып араласпайды, өсек таратпайды, талқыламайды. Филиппиндік күтушіні жалдасаңыз, сіз тек бала күтушіні емес, сонымен бірге үй қызметшісін де аласыз. Олар ыдыс жуудан, үй жинаудан, аяқкиім тазалаудан, кір жуудан, тамақ пісіруден немесе басқа да үй шаруасынан бас тартпайды. Мұндай күтушінің қызмет ақысы орыс тілін білетін күтушілермен салыстырғанда арзанырақ, ал атқаратын жұмысының ауқымы әлдеқайда кең,– дейді агенттік менеджері Дильназ.
Мақаланы толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз.