Осы орайда Астана қалалық полициясы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін еске салады.
«Ата-анасы болмай, інісіне 7 жастағы ағасы қараған»: Астанада үш жасар бала терезеден құлап, мерт болды
651
оқылды

Қайғылы жағдай кеше елордадағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Бұл ақпаратты қалалық полиция растап отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

– 26 тамызда елордада көпқабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы терезеден үш жастағы бала құлап, алған жарақаттар салдарынан оқиға орнында қаза тапты. Белгілі болғандай, оқиға кезінде үйде ата-анасы болмаған, балаға оның 7 жастағы ағасы қарап отырған, – делінген хабарламада.

Осы орайда Астана қалалық полициясы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін еске салады. 

– Мұндай жағдайдың басым бөлігі ересектердің жеткіліксіз назарынан, немқұрайдылығынан және қарапайым сақтық шараларын сақтамау салдарынан болып жатады. Құрметті ата-ана, бала қауіпсіздігі сіздің қолыңызда. Тек ересектердің қырағылығы мен жауапкершілігі ғана қайғылы оқиғаның алдын алады, – дейді полициядан.

Айта кетсек, елордада жыл басынан бері 13 бала терезеден құлап, көз жұмды.