Отандасымыз 50 келіге дейінгі салмақта ел намысын сәтті қорғады.
Арман Мыса дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері атанды
Фото: International Judo Federation, IJF
914
оқылды

Қазақстандық балуан Арман Мыса дзюдодан Болгарияның София қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Отандасымыз 50 келіге дейінгі салмақта ел намысын сәтті қорғады.

ҚР ҰОК мәліметінше, Арман қола медаль үшін өткен белдесуде венгриялық Милан Цабоны сенімді түрде жеңді.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 30 тамызға дейін жалғасады. Жарысқа әлемнің 71 елінен 551 спортшы қатысып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.