Белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызы TikTok желісінде Ерке Есмаханмен бірге түскен видеосын жариялап, оқырмандарды біраз ойландырып қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Журналист видеоға:
“Еркеден қашан той жасайсыңдар деп сұрап жатырмын. Келесі жылы дейді”, – деген жазба қалдырды.
Бұл жазба желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсіп, көпшілік Ерке мен Раймның тойын асыға күтетінін жарыса жазып жатыр.
“Тойға дайындала берейік!”, “Ақ көйлек киген Еркені көретін күн алыс емес сияқты”, – деп жазған жанкүйерлер.