Өнер иесі жаңа оқу жылы қарсаңында оқырмандарына сәттілік тіледі.
«150 мың жетпей қалды»: Роза Әлқожа қиналып қалғанын айтты
3,882
оқылды

Әнші Роза Әлқожа қызы Ясинаның мектепке дайындығын көпшілікпен бөлісті. Өнер иесі жаңа оқу жылы қарсаңында оқырмандарына сәттілік тілеп, отбасы тұрмысындағы шағын әңгімесін айтып өтті.

«Өмір сүру – ең қызық нәрсе. Алда не күтіп тұрғанын білмейміз, бірақ бәрібір алға жылжи береміз. Жаратқан берекесін берсін. Балаларыңызға мектеп киімдерін алып үлгердіңіздер ме? Майда-шүйдені жинай беріп, бір қыздың дайындығына 150 мың теңге жетпей қалды. Ал сіздерде қаншаға шықты?» – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары мектепке дайындықтың қымбаттығын қызу талқылады. Бірі «2-сыныпқа баратын жиеніме 65 мың теңге жұмсалды» десе, енді бірі «үш балама 100 мыңнан кетті, оқу құралдарын әлі алмадық» деп бөлісті. Көпшілік базардағы киім-кешектің бағасы қатты өскенін атап өтті.