Соңғы конституциялық реформаны жүзеге асыруға белсене атсалысқан бұрынғы депутаттар мен белгілі ғалымдар бар.
Президент: «Конституциямыздың 30 жылдығы – еліміз үшін тарихи меже»
1,471
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» атты ғылыми-практикалық конференцияда сөз сөйледі, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Ақордағы сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы:

«Конституциямыздың 30 жылдығы – еліміз үшін тарихи меже.

Бүгін арамызда Конституциямыздың алғашқы жобаларын әзірлеуге қатысқан азаматтар отыр. Соңғы конституциялық реформаны жүзеге асыруға белсене атсалысқан бұрынғы депутаттар мен белгілі ғалымдар бар.

Бәріңізге зор ризашылығымды білдіремін.

Мен Конституцияның 30 жылдығына орай мемлекеттік наградамен, соның ішінде мерекелік медальдар бар, бір топ азаматты марапаттау туралы шешім қабылдадым.

Баршаңызға амандық, табыс тілеймін!

Конституциямыздың айбыны асқақ болсын!», – деді.

Сонымен қатар жиында Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Әзімова, БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі Сарангоо Раднаарагчаа, Заң консультанттарының республикалық алқасының төрағасы Серік Ақылбай, Парламент Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашева, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетінің мүшесі, Өзбекстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының директоры Акмал Саидов сөз сөйледі.