Бүгінгі күннің өзекті мәселесі
Жеке баспанасы жоқ ұрпақ: әлеуметтік трагедия ма, уақытша қиындық па?
763
оқылды

Қазақ қоғамында «өз үйің – өлең төсегің» деген түсінік терең орныққан. Үй – тек баспана емес, ол – адамның әлеуметтік мәртебесі, отбасының тұрақтылығы мен болашағының кепілі. Бірақ бүгінгі жастар үшін жеке баспанаға қол жеткізу барған сайын қиындап барады.

Баспанаға қол жеткізудің қиындығы. Қалалардағы пәтер бағасы жалақы өсімінен әлдеқайда жоғары қарқынмен қымбаттап келеді. Бір қарағанда ипотекалық бағдарламалар бар сияқты, бірақ алғашқы жарнаны жинау – көпшілік үшін үлкен мәселе. Көптеген жас отбасылардың таңдауында жалдамалы пәтерден басқа жол жоқ. Бұл – олардың болашаққа сенімін әлсіретіп, әлеуметтік тұрақсыздық сезімін тудырады.

Жалдау мәдениеті ме, амалсыздық па?Батыс елдерінде жалдамалы пәтерде өмір сүру қалыпты құбылыс. Бірақ қазақ қоғамында бұл уақытша шешім ретінде ғана қабылданады. Өйткені «өз үйім болу» – дәстүрлі түсінікте адамның әлеуметтік жетістігінің өлшемі. Осы себепті баспанасы жоқ жастар өзін «толыққанды өмір сүріп жатырмын» деп сезіне бермейді.

Әлеуметтік салдарыа. Баспана мәселесі жастардың өмірлік шешімдеріне де әсер етеді. Үйсіздік – отбасы құруды кейінге қалдырудың басты себептерінің бірі. Кейбір жастар шетелге кетуді таңдайды, себебі «онда жағдай жеңілірек» деп сенеді. Бұл – елдегі демографиялық, әлеуметтік ахуалға тікелей ықпал ететін фактор.

Жеке баспанасы жоқ ұрпақ – бүгінгі Қазақстандағы ең өзекті әлеуметтік тақырыптардың бірі. Бұл құбылысты біреулер «қоғамдық трагедия» десе, енді біреулер «уақытша қиындық, экономика түзелсе шешілетін мәселе» деп қарайды. Бірақ қалай десек те, баспана мәселесін шешпей, жастардың әлеуметтік тұрақтылығы мен болашағына сенім ұялату қиын.