Эльвира Азимова жиналғандарды құттықтады
Конституциялық Сотының төрайымы конференцияда сөз сөйледі
340
оқылды

Бүгін, 29 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияда Эльвира Азимова сөз сөйлеп, пікір білдірді. 

«Қазақстандық Конституциялық Соттың негізгі қызметі – заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін тексеру. Мұндай өтінішпен Конституциялық Сотқа жүгінуге құқылы субъектілер қатарында бүгінде азаматтар, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және Бас прокурор бар. Бұл мүмкіндік оларға 2022 жылғы конституциялық реформа нәтижесінде берілді. 

2023 жылғы қаңтардан 2025 жылғы тамызға дейін Конституциялық Сотқа азаматтардан 11 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Оларды қарау барысында 5 мыңнан астам құқықтық норма зерделеніп, 400-ден астам қаулы қабылданды. Соның ішінде 74 шешім Конституцияға сәйкестігін тексерудің нәтижесінде қабылданған қорытынды қаулылар болып табылады», - деді Э. Азимова.