Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында үшінші айналымда жеңіске жетті. Әлемдік рейтингте оныншы орында тұрған спортшы 2021 жылғы US Open чемпионы, британиялық Эмма Радуканумен кездесті. Матч 1 сағат 3 минутқа созылып, Рыбакина 6:1, 6:2 есебімен қарсыласын ұтты.
Қазақ спортшысы өз ойынында сенімді өнер көрсетіп, брейк-пойнтке мүмкіндік берген жоқ. Келесі кезеңде ол Жасмин Паолини мен Маркета Вондрушова арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі. Ойын жексенбі күні өтеді.
Сонымен қатар, турнирде Александр Бублик те үшінші айналымдағы матчына дайындалып жатыр. Ал жұптық сында Анна Данилина жарысын жалғастыруда