Қатерлі ісіктің қаупі

Қатерлі ісік – әлемдегі ең ауыр және кең таралған аурулардың бірі.

Бүгінде медицинадағы түрлі жетістікке қарамастан миллиондаған адамға әмбебап ем әлі табылған жоқ. Көптеген науқас жылдар бойы емделуге мәжбүр болғанымен, жақсы нәтижесін бере қоймайтыны тағы бар. Тіпті, кейбір сәтті терапиядан кейін де аурудың қайта оралуы ғажап емес.

Дүниежүзілік денсаулық сақ­тау ұйымының (ДДҰ) мәлімет­тері бойынша, әлемдегі барлық өлім-жітімнің шамамен 15 пайы­зы қатерлі ісікке байланысты екен. Қатерлі ісікті медицинада ау­­ру емес, дене жасушалары әдет­­тен тыс тез көбейе бас­тай­тын, ісіктерді қалыптастыратын жағ­дайлардың тұтас тобы деп қарастырады. Бұл ісіктер әртүрлі органда пайда болуы мүмкін және қан айналымы арқылы бүкіл денеге таралуы мүмкін.

ДДҰ көптеген елде онко­ло­гия­лық ауруларды емдеу және пал­лиативтік көмек бағдар­ла­ма­лары әлі де жеткіліксіз қар­жы­лан­дырылатынын атап өтті. 2022 жы­лы әлемде қатерлі ісіктің 20 мил­лион жаңа жағдайы тіркеліп, қа­терлі ісіктен қайтыс болғандар са­ны 9,7 миллион адамды құра­ды. Бұл ретте шамамен 53,5 мил­лион адам диагноз қойылғаннан кейін бес жылдан астам өмір сүр­ді. Статистикаға сүйенсек, әр­бір бесінші адам өмір бойы қа­терлі ісікке шалдығады, әрбір то­ғызыншы ер адам мен әрбір он екін­ші әйел осы аурудан қайтыс бо­лады. Осыған ұқсас мәлі­мет­тер­ді Дүниежүзілік онкология­лық зерттеулер қоры келтіреді. 2022 жылы 20 миллионға жуық жаңа жағдай анықталды: 10,3 мил­лион ерлер және 9,7 миллион әйелдер. Бұл ретте ауру­шаң­дық­тың стандартталған көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 196,9-ды құрады: ерлер арасында – 212,6, әйелдер арасында – 186,3. Са­рапшылардың айтуынша, қа­терлі ісік ауыртпалығы барлық елде дерлік артып келеді. Сон­дық­тан оның алдын алу денсау­лық сақтаудың басты міндетіне айналып отыр. Зерттеулер көр­сеткендей, қатерлі ісік ауру­лары­ның шамамен 40% диетаға, фи­зи­калық белсенділікке және өмір сал­тына байланысты қауіп фак­тор­ларын бақылау арқылы ал­дын алуға болады.

– Иә, өкінішке қарай, қазір б­ү­кіл әлемде қатерлі ісік жасарып ба­рады деген алаңдатарлық мә­се­ле бар. Бұрын онкологиялық ау­рулар көбіне егде жастағы адам­дарда кездесетін болса, қа­зір 40-қа жетпеген жастардан да жиі анықталуда. Бұл құбылыс бір жа­ғынан медицинаның дамып, диа­г­ностиканың жақсарғанын, яғни ауруды ерте кезеңінде табу мүм­­кіндігінің артқанын көрсе­те­ді. Бірақ екінші жағынан жас­тар­­дың өмір салты, экология, дұ­рыс тамақтанбау, қозғалыстың аз­дығы, созылмалы күйзеліс, гад­жеттерді шамадан тыс пай­да­лану, темекі мен вейп секілді зиян­ды әдеттердің кең таралуы қа­терлі ісіктің жасаруына әсер етіп отыр. Сондай-ақ тұқым қуа­лаушылық факторын да естен шы­ғаруға болмайды. Яғни, ата-ана­сында немесе жақын туыс­та­рын­да қатерлі ісік болған адам­дар­да қауіп деңгейі жоғары бо­лады. Осы себептің барлығы қо­сылып, жастар арасында рак ау­руының көбейіп бара жат­қа­ны­на әкеліп отыр, – деді меди­ци­на ғылымдарының докторы, он­колог Диляра Қайдарова.

Бүкіл әлем індеттен көз ашпай отыр

Қатерлі ісік ауруымен ауыра­тын елдердің рейтингін болжам­ды түрде халқы ең көп елдер Қы­тай, АҚШ және Үндістан бас­­­­қарып тұр. Олардан кейін Жа­пония мен Ресей тұрақтады. Ең аз жағдайлар Сан-Томе мен Прин­сипиде, Вануатуда және Са­моада деп көрсетілген. ТМД ел­­дерінің ішінде Ресеймен бірге Ук­раина мен Беларусь анти-ли­дерлер қатарында болды. Рей­тинг­те Қазақстаннан төменірек Өз­бекстан, Әзербайжан, Мол­дова, Армения, Қырғызстан, Тү­рікменстан және Тәжікстан ор­наласқан. 100 мың адамға шақ­қандағы аурушаңдық бойын­ша қайғылы көшбасшылық Аустралия, Жаңа Зеландия, Да­ния, АҚШ және Норвегияда тір­келіп тұр. Рейтингті Сьерра-Лео­не, Гамбия және Конго Рес­пуб­ликасы аяқтады. ТМД елдері ара­сында Беларусь, Ресей, Мол­дова, Армения және Украина Қа­зақстаннан жоғары болса, Әзер­байжан, Қырғызстан, Тү­рік­менстан, Өзбекстан және Тә­­­­­жікстан бізден төмен көр­се­тіл­ген. Гендерлік айырмашы­лық­тарды бөлек атап өткен жөн. Ер­лер арасында қатерлі ісікке шал­дығудың ең жоғары деңгейі Аустралияда, Жаңа Зеландияда, АҚШ-та, Венгрияда және Да­ния­да, әйелдер арасында Ауст­ра­лияда, Жаңа Зеландияда, Да­ния­да, АҚШ-та және Норвегияда байқалды.

Our World in Data мәлімет­те­рі­не сәйкес, онкологиялық ауру­лар­дың түрлері бойынша әлемде ең көп өлім-жітім өкпе, трахея жә­не бронх ісігіне байланысты. Бұл ісіктерден болатын өлім көр­сеткіші 100 мың адамға шаққанда 25,6-ны құрайды. Екінші орында тоқ ішек және тік ішек обыры (13,2), үшінші орында асқазан обыры (12,1).

Алматы онкологиялық дис­пансерінің хирургиялық онко­ло­гы Милан Әдиев ерлерде әйел­дер­ге қарағанда асқазан обырына шал­дығу ықтималдығы екі есе көп екенін айтты. Оның сөзінше, асқазан қатерлі ісігінің көпшілігі 55 жастан асқан адамдарда диаг­ноз қойылады. Диагноздың ор­та­ша жасы 70 жасты құрайды. Со­нымен қатар ер адамдар әйел­дерге қарағанда асқазан обырына екі есе жиі шалдығады.

– Темекі шегетіндердің асқа­зан қатерлі ісігіне шалдығу қаупі те­мекі тартпайтындарға қараған­д­а екі есе жоғары. Оның себебі те­мекі шегу кезінде сіз үнемі аз­дап темекі түтінін жұтасыз, ол ас­қазанға түседі. Темекінің құра­мын­дағы зиянды заттар шы­рыш­ты қабықша жасушаларын за­қым­дап, мутация тудырады. Шы­лым шегу неғұрлым ұзақ бол­са, соғұрлым дәрігер соғұр­лым жоғары болады, – дейді онколог.

Қатерлі ісіктің даму қаупі жа­сына қарай айтарлықтай арта­ды, сондықтан онкологиялық ауру­лардың көпшілігі және одан қай­тыс болғандар егде жастағы адам­дарда көптеп кездеседі. Де­не жасушасындағы ДНҚ көбірек зақымданса, қалпына келтіру қа­білеті төмендейді. Осылайша, біз­ді қорғағысы келетін иммун­дық жүйе қауқарсыз болып қа­лады.

Еліміздегі жағдай қалай?

Қазақстанды дүниежүзіндегі сан­дармен салыстыратын бол­сақ, онкологиялық ауруға шал­дық­қандар саны бойынша еліміз 185 елдің ішінде 61-орынға шық­ты. Елімізде қатерлі ісікке шал­дыққандар саны артып келеді.  Денсаулық сақтау министр­лі­гінің айтуынша,  бір жыл ішін­де елімізде онкологиялық дертке шал­дыққандар саны 6 пайызға дейін өскен.  Жалпы, респуб­ли­ка­да жыл сайын мұндай дерттің 40 мың жаңа жағдайы тіркеліп, жыл сайын 12 мыңнан астам қа­зақстандық қатерлі ісіктен көз жұмады. 2024 жылдың соңында 230 мыңнан астам онкологиялық науқас динамикалық бақылауда болған. Бұл 2023 жылмен салыс­тыр­ғанда 5,9%-ға көп. Қазақ­стан­да он­кологтар саны­ның тұ­рақ­ты түрде ар­тып келе жат­қа­нын атап өткен жөн. 2021 жылы олардың саны 883 болса, 2022 жылы – 974, 2023 жы­лы –1,1 мың болса, 2024 жыл­ға қа­рай онкологтар саны 1,3 мың адам­ға жетті.

                                                                  инфографика: Елдар ҚАБА

Онколог Диляра Қай­дарова­ның айтуынша, қатерлі ісіктен то­лықтай қорғанудың нақты бір тә­сілі жоқ, бірақ әр адам қара­пайым алдын алу шараларын сақ­­­­­таса, аурудың даму қаупін едәуір азайта алады.

– Қазіргі медицинада алдын алу үшін кейбір ауруларға қарсы вак­циналар бар, мысалы, жатыр мой­ны ісігінің алдын алатын ВПЧ-ға қарсы екпе. Сол сияқты, ге­патитке қарсы вакцина да бауыр ісігінің қаупін төмендетеді. Бұ­дан бөлек, әр адам өз ден­сау­лы­ғына мұқият болып, ағзадағы кіш­кентай ғана өзгерістерге де мән беріп, дәрігерге дер кезінде қа­ралуға тиіс. Уақытылы тек­се­рілу – қатерлі ісікті ерте анықтап, емдеудің ең тиімді жолдарының бірі, – дейді онколог.

Әсет ҚАЛИ