Бұл туралы Ақорданың Telegram каналы мәлімдеді.
Қытайдың танымал газетінде Президент мақаласы жарық көрді
Фото: Ақорда
1,569
оқылды

Бүгін Қытайдың ағылшын тілді танымал Сhina Daily газетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Strong Kazakh-Sino ties key to successful cooperation ("Қазақстан мен Қытайдың берік қарым-қатынасы – табысты ынтымақтастық кепілі") атты мақаласы жарық көрді.

Мақалада Қазақстан мен ҚХР арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамыту, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымының әлеуетін нығайту тақырыптары қозғалған.

Газеттің дүниежүзілік таралымы – 700 000 дана.

Басылымның газет, онлайн және мобильді нұсқаларын әлем бойынша 350 миллионнан астам адам оқиды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.