Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан бірнеше адам қаза тапты
Фото: Павлодар облысы ПД
1,065
оқылды

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты, – деп хабарлайды Аikyn.kz  Skifnews.kz-ке  сілтеме жасап.

Облыстық ПД мәліметінше, "Атамекен – Ақтоғай – Ресейдің Русская Поляна" автожолында болған ЖКО бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала деректерге сәйкес, 30 тамыз күні «Шевроле» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2 адам қаза тауып, тағы 3 адам ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Полиция департаменті мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтаудың, әсіресе қозғалысы қарқынды жол учаскелерінде, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық жағдайын үнемі бақылаудың маңыздылығын еске салады, – деп жазылған ПД хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.