Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.
Мемлекет басшысы Словакия президентін Конституция күнімен құттықтады
4,646
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Словакияның Конституция күніне орай Петер Пеллегриниге құттықтау жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Президент жеделхатта Словакияның демократиялық институттарды нығайту және әлеуметтік-экономикалық өрлеу ісіндегі жетістіктеріне тоқталды. Сонымен қатар екі ел арасындағы достық пен өзара құрметке негізделген қатынастардың деңгейі жоғары екенін атап өтіп, оның одан әрі қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегринидің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Словакия халқына бақ-береке тіледі.