Әсіресе, мені ШЫҰ Сарапшылар форумының Жасанды интеллект туралы идеясы қызықтырды.
ШЫҰ саммитінде Қытай туының қасына Қазақстан Туы қойылуы кездейсоқ емес – Бақтияр Мәкен
1,406
оқылды

Күні бүгін ШЫҰ саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымын әлемдік қауымдастық тиімді, ықпалды әрі қажетті халықаралық құрылым ретінде танитынын атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Бақтияр Мәкен өз пікірін білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«ШЫҰ саммиті маңызды мына бір жайтты көрсетті: Қазақстан – бүгінде тек қатысушы емес, сонымен қатар айрықша серпін беретін мемлекет. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзі – жай ғана хаттама емес, бұл – нақты бастамалар. Мұнда терроризм мен экстремизмге қарсы күрестен бастап, жасанды интеллект және су қауіпсізді туралы мәселелер қамтылған.

Әсіресе, мені ШЫҰ Сарапшылар форумының Жасанды интеллект туралы идеясы қызықтырды. Құқықтық тәртіп саласында жұмыс істейтіндер үшін цифрландыру – бүгінде сәнге айналған «тақырып» қана емес, бұл – қылмысқа қарсы күрес жүргізудің нақты құралы. Бұл бағытта Қазақстанға флагман болуды ұсынып отыр.

Назар аударуға тұрарлық тағы бір жайт: саммитте Қытай туының қасына Қазақстан Туы қойылған. Қытай дипломатиясында кездейсоқтыққа жол берілмейді. Тоқаевтың ортада тұруы Қазақстанның Еуразия кіндігінде орналасқанын, «Бір белдеу, бір жол» бастамасының Қазақстансыз мүмкін емес екенін аңғартады. Бұл – біздің рөлімізді орта держава ретінде мойындаудың айқын белгісі.

ҚР ІІМ ішкі істер органдарының қоғамдық кеңесінде біз үшін Президенттің мұндай бастамалары біздің “Заң мен Тәртіп” идеологиясымен тікелей байланысты. Себебі заң мен тәртіп – тек полиция қызметкерлерінің жұмысы ғана емес, бұл – ауқымды аймақтық саясаттың бір бөлігі. Қазақстан дәл осылайша мықты жүйе құруда: «Заң мен Тәртіп» қағидаты тек ел ішінде ғана емес, сонымен қатар халықаралық күн тәртібінде де қарастырылды», – дейді ҚР Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Бақтияр Мәкен.