"Танымал уағызшы, дінтанушы Нұрсұлтан Рысмағамбетов қайтыс болды" деген жалған ақпарат тарады, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты.
Желіде тараған мәліметке сәйкес, «Батыр имам» атанып кеткен Нұрсұлтан Рысмағамбетұлы 30 тамыз күні сағат 23:30 шамасында дүниеден өткен. Бұл туралы Жарқын Мырзатай өзінің TikTok парақшасына жүктеген видеосында айтқан.
"Оның айтуынша, қайғылы жағдайға көлік апатынан алған жарақатының асқынуы себеп болған. Марқұмның жаназасы туған жері – Арал ауданында, 31 тамыз күні сағат 14:35-те орталық зиратта өтеді".
Бірақ уағызшының өзінің ресми парағында бұл ақпарат расталмады және жалған екені айтылған.
Еске сала кетейік, биыл 25 шілдеде Нұрсұлтан Рысмағамбетов отбасымен бірге жол-көлік оқиғасына тап болған еді.