Жоба бүкіл әлемге таралып, миллиондаған көрерменді Қазақстанның сұлулығымен және әртүрлі елдердің жаңа дауыстарымен таныстырады.
«Жаңа тарау»: Димаш Құдайберген сүйінші жаңалығын жария етті
1,537
оқылды

Қыркүйек айында Қазақстанда Димаш Құдайберген атқарушы продюсер қызметін атқаратын қытай-қазақстандық жаңа бірлескен халықаралық музыкалық жобаның түсірілімі басталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Dimashnews мәліметінше, шоуға қатысу үшін Димаштың отанына әр елдің вокалистері келіп, еліміздің ең көрікті аймақтарын аралайды.

Түсірілім 8-29 қыркүйек аралығында Түркістан, Алматы, Ақтау және Астана қалаларында өтеді.

Жоба бүкіл әлемге таралып, миллиондаған көрерменді Қазақстанның сұлулығымен және әртүрлі елдердің жаңа дауыстарымен таныстырады.

«Он жылдай бұрын менің Hunan TV-ге жолым Singer шоуынан басталды. Бүгін мен халықаралық шоудың авторы ретінде жаңа рөлде оралып жатырмын. Бұл дүниежүзіндегі адамдарды біріктіретін мәдени ынтымақтастық пен музыка тарихында жаңа тарауды ашады», – деп бөлісті Димаш.