Оралда көлік ұрлаған күдікті апатқа ұшырап, бір адам көз жұмды. Ол жолын бөгемек болған сақшылардың да ескертуін елемеген, – деп хабарлайды Aikyn.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Оралдың орталық көшесінде жүйткіп өткен Renault Logan маркалы көлікті тұрғын ұрлап айдап кетіпті. Полиция қызметкерлерінен қашамын деп, бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай өте шыққан. Сол кезде қиылыстан жүріп бара жатқан Lada Granta және Lada Largus автокөліктерімен соқтығысқан.
Жеңіл көліктердің бірінің жүргізушісі алған ауыр жарақатынан ауруханада қайтыс болды.
Ал күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол қазір ауруханада жатыр.