Желіде бейнежазба жариялады.
«Топырағы торқа болсын»: Мақпал Жүнісова жантебірентер бейнежазба жариялады (видео)
Фото: ашық дереккөз
2,522
оқылды

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі Instagram-дағы ресми парақшасында КСРО Халық әртісі және Халық қаһарманы Роза Бағлановаға арналған естелік бейнежазба жариялады. Онда олардың сахнада бірге ән салғанын көруге болады.

«Роза апамның топырағы торқа болсын, түн тыныштығын берсін. Роза апамның 80 жас мерейтойынан», – деп жазды Мақпал Жүнісова.

Желі қолданушылары бұлбұл әншіні еске алды.

«Жаны жәннатта болсын», «Роза апамыз сізді ерекше жақсы көретін. Сіз де сол кісінің ізімен келесіз», «Қайырлы таң! Керемет!», «Қандай сыңғырлаған керемет биязы дауыс! Бұл дауыстар еш қайталанбас дара табиғи болмыстар ғой, шіркін! Тыңдай бергің келетін еді Роза апамызды»,  деп жазды желі қолданушылары.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.