Пәтер немесе кеңсе сатып алу кезінде міндетті түрде үлестік қатысу шарты жасалып, ол «Қазреестр» жүйесінде тіркелуі тиіс.
Жаңа заң қабылданды: енді үлескерлер кез келген компанияға ақша құя алмайды
3,271
оқылды

Күзден бастап Қазақстанда үлескерлердің құқығын қорғауға бағытталған жаңа заң күшіне енді. Енді азаматтар тек мемлекет мойындаған құрылыс компанияларына ғана қаржы құя алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жаңа заңның басты талаптары:

Қолма-қол ақша берілмейді. Пәтер немесе кеңсе сатып алу кезінде міндетті түрде үлестік қатысу шарты жасалып, ол «Қазреестр» жүйесінде тіркелуі тиіс. Барлық төлем тек банк арқылы жүргізіледі.

Банктер бақылауда ұстайды. Қаржы ұйымдары төлем жасаған кезде компанияның ресми тіркелгенін тексереді. Егер құрылысшы заң талаптарына сай болмаса, операция бірден тоқтатылады.

Қаржы тарту шарттары. Құрылыс компаниясы үлескерлерден ақша алу үшін кемінде үш шарттың бірін орындауы тиіс:

«Қазақстан тұрғын үй компаниясынан» кепілдік алу;

Банкпен келісім жасасып, әкімдіктен рұқсат алу;

Үйдің қаңқасын толық тұрғызу.

Үлескерлердің құқығын қорғау

Құрылыс компаниясы жұмысын тоқтатқан жағдайда, үлескерлер ақшасын немесе баспанасын үш түрлі жолмен қайтара алады. Егер мемлекеттік компанияның кепілдігі болса, сол ұйым құрылысты аяқтап береді.

Шағын компанияларға жеңілдік

Енді кепілдік алу талаптары жеңілдеді: құрылыс компаниясында 2 жыл тәжірибе болса және ірі қалаларда 10 мың м², өңірлерде 5 мың м² баспана салғанын дәлелдесе жеткілікті. Бұл талап шағын компанияларға заңды түрде жұмыс істеуге жол ашады.

Жарнамаға тыйым

Құрылысы аяқталмаған тұрғын үй кешендерін жарнамалауға болмайды. Азаматтар компанияның заңды жұмыс істеп жатқанын Egov немесе банк қосымшасы арқылы тексере алады.