Полицейлер оның өтінішіне дереу үн қатып, іздестіру шараларын ұйымдастырды. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде бауырлар қайта табысты.
«Үмітін үзбей, іздей берген»: ШҚО тұрғыны 20 жыл бұрын жоғалған әпкесімен қайта табысты
1,430
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында 20 жыл бұрын жоғалып кеткен әпке мен бауыр қайта қауышты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Polisia.kz сайтының дерегінше, Тарбағатай ауданының тұрғыны жылдар бойы жоғалған әпкесін іздеуден үміт үзбеген. Сол мақсатпен ол Үштөбе қаласына барып, жолай учаскелік полиция инспекторлары Айбек Қази мен Талғат Есқожановқа жолыққан.

Полицейлер оның өтінішіне дереу үн қатып, іздестіру шараларын ұйымдастырды. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде бауырлар қайта табысты.

Әйел полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін шексіз алғысын білдірді.