Сот үкімі заңды күшіне енді.
Батыс Қазақстанда шенеунік мемлекетке 56 миллион теңге залал келтірген
1,375
оқылды

БҚО Сырым ауданы прокуратурасының тексеруі нәтижесінде ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы басшысы жол құрылысы кезінде заңбұзушылықтарға жол бергені анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Тергеу барысында бұрынғы бөлім басшысы қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, заңсыз әрекеттерге барғаны және соның салдарынан мемлекетке 56 миллион теңгеден астам көлемде залал келтіргені дәлелденді.

– Сырым аудандық соты бұрынғы бөлім басшысын кінәлі деп танып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады, – делінген хабарламада. 

Сот үкімі заңды күшіне енді.