Прокуратура, полиция және мемлекеттік органдардың ауқымды жұмысы, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқықтық тәртіпті жақсартуға және мегаполис тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Алматыдағы «Манхэттен» тұрғын үй кешенінен жыныстық қызмет көрсеткен 22 пәтер анықталды
711
оқылды

Алматыда «Манхэттен» тұрғын үй кешенінде ауқымды тексеру жүргізілді: 1000-ға жуық құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
 
Алматы қаласы прокуратурасының бастамасымен екі ай ішінде өкілетті органдармен бірлесіп қоғамдық тәртіпті бірнеше рет бұзған «Манхэттен» тұрғын үй кешенінде кешенді рейдтік іс-шаралар өткізілді.
 
Жұмыс барысында меншік иелерінің жұмыс орны, байланыс деректері, тіркелген қарудың болуы, түрлі құқықбұзушылықтар үшін жауаптылыққа тарту фактілері туралы сауалнамалық мәліметтері, сондай-ақ тұрғын үйді жалға беру туралы ақпаратты қамтитын әрбір пәтер бойынша деректер базасы қалыптастырылды.

Тексеру 1000-ға жуық бұзушылықты анықтауға мүмкіндік берді, олардың ішінде:

• көші-қон заңнамасын бұзудың 120 фактісі;

• қоғамдық тәртіпті бұзудың 98 фактісі;

• заңсыз жалға алудың 114 факті;

• жыныстық қызмет көрсету үшін пайдаланылған 22 пәтер;

• жол қозғалысы ережелерін бұзудың 567фактісі;

• алкоголь өнімін заңсыз сатудың 7 фактісі.
 
Прокуратура, полиция және мемлекеттік органдардың ауқымды жұмысы, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқықтық тәртіпті жақсартуға және мегаполис тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.