Сонымен қатар ол ел заңдарын бұзуға жол берілмейтіні және қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгені туралы қатаң ескертілді.
Алматы қаласының прокуратурасы: Orda ақпараттық-талдау арнасына ескерту жасалды
652
оқылды

Соңғы уақытта онлайн-платформаларда жалған ақпараттың таралу деректері тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Осындай жарияланымдардан кейін Orda ақпараттық-талдау арнасының бас редакторы Г.А.  Бажкеноваға қала прокуратурасы Қазақстан Республикасының «Масс-медиа туралы» Заңының талаптарын ауызша және жазбаша түрде түсіндірді.

Сонымен қатар ол ел заңдарын бұзуға жол берілмейтіні және қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгені туралы қатаң ескертілді.

Сондай-ақ азаматты сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп қасақана жалған айыптау деректері бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 419-бабы 3-бөлігіне сәйкес 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық қарастырылатыны түсіндірілді.

Осыған байланысты қала прокуратурасы азаматтарды және бұқаралық ақпарат құралдарын Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтауға шақырады және қоғамдық ортада, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жалған, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға қатаң түрде шақырады.