Талғарда ер адамды атып өлтіріп, кішкентай қызды ұрлап кеткен болатын.
Талғардағы қанды оқиға: арнайы жасақ бүлдіршінді құтқарды
istockphoto.com
1,096
оқылды

Алматы облысының Талғар қаласында болған атыс пен бала ұрлау ісіне байланысты полиция арнайы операция жүргізіп, бүлдіршінді аман-есен құтқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Tengrinews.kz  сайты ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап қыз бала анасына тапсырылғанын жазады. Қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

«Қазіргі уақытта күдікті қашып жүр. Оны дереу ұстау шаралары қабылданып жатыр. Арнайы операцияның барысын Ішкі істер министрі жеке бақылауға алды», – деп мәлімдеді ведомство.

Еске сала кетсек, Талғарда ер адамды атып өлтіріп, кішкентай қызды ұрлап кеткен болатын. Оқиғаға байланысты екі қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала болжам бойынша, күдікті мен бүлдіршіннің анасы бұрын жақын қарым-қатынаста болған. Сол күні олардың арасында жанжал туындап, күдікті әйелдің ағасына оқ атқан. Ер адам оқиға орнында көз жұмған.

Қылмыстан кейін күдікті қызды алып қашқан. Оның жеке басы мен тұрған жері анықталды. Қазір оны ұстау үшін жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.