«Отбасы банк» пен Алматы облысының әкімдігі бірлесіп «Алатау» тұрғын үй бағдарламасын іске қосты, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Бағдарламаға денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, энергетика, коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала қызметкерлері және мемлекеттік қызметшілер (тұрғын үй төлемі берілетін күштік құрылым қызметкерлерінен басқа) қатыса алады.
Бағдарламаның шарттары:
-
Қарыздың ең жоғары сомасы – 30 млн теңгеге дейін;
-
Бастапқы жарна – 10%-дан бастап;
-
Жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 5% (ЖТСМ 5,1%–6,9%);
-
Сатып алынатын баспана – Алматы облысының аумағындағы алғашқы нарықтағы пәтерлер.
Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
-
Жасы – 18 бен 60 жас аралығы;
-
Өтініш беруші мен отбасы мүшелерінің атында баспана немесе үлес болмауы тиіс;
-
Сатып алу құқығымен жалға алынған тұрғын үйдің болмауы;
-
Алматы облысында ресми жұмыс өтілі және кемінде 24 ай бойы міндетті зейнетақы жарналарының төленуі.
Өтініш қабылдау тәртібі:
Өтінімдер Алматы облысы ТКШ және абаттандыру басқармасында қабылданады (мекенжайы: Қонаев қ., Қонаев даңғылы, 7/2, 1-қабат). Өзіңізбен бірге мыналарды әкелу қажет:
-
жеке куәлік;
-
белгіленген үлгідегі қағаз түріндегі өтініш;
-
еңбек өтілін растайтын жұмыс орнынан анықтама;
-
көрсетілген еңбек өтілі кезеңі үшін зейнетақы жарналары туралы анықтама;
-
өтініш беруші мен отбасы мүшелерінің (жұбайы, кәмелетке толмаған балалары) Қазақстан аумағында тұрғын үйі жоқтығы туралы анықтама;
-
спортшылар үшін: әлем чемпионаты мен Азия ойындарының чемпионы/жүлдегері екенін растайтын құжат;
-
балалардың туу туралы куәлігі;
-
неке қию туралы куәлік.
Іріктеу қалай өтеді?. Қатысушылар тізімін әкімдік жанындағы тұрғын үй комиссиясы қалыптастырады. Өтініштерді балдық жүйе бойынша бағалайды: некенің болуы, балаларының саны, еңбек өтілі ескеріледі. Одан кейін қатысушыларға «Отбасы банкке» несиеге өтініш беруге жолдама беріледі.