Көпбалалы отбасыларға медициналық маска тегін таратылуда
Көпбалалы отбасыларға медициналық маска тегін таратылуда
Фото: Дереккөзден
304
оқылды
Ақтөбеде тігін цехы көпбалалы отбасыларға масканы тегін тігіп беріп жатыр. Қаладағы «Ағила» тігін цехы 13 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Елде төтенде жағдай жариялануына байланысты қазір цех тек қана  медициналық маска дайындап жатыр. «Мен шешім қабылдап, өзге тігін шеберхана иелерін де игі істі жалғастыруға шақырамын. Біз қазір екі ауысымда жұмыс істейміз. Масканы жуып, үтіктеп, қайта қолдануға болады. Бірнеше қабатты мақта матадан тігілген. Біздің негізгі міндет – неғұрлым көп адамды қамтып, қауіпсіздікті сақтау», – дейді кәсіпкер Ағила Жанғазиева «Қазақпаратқа» берген сұхбатында. Дереккөздің жазуынша, облыстық дизайнерлер мен тігіншілер қауымдастығы құрамындағы 35 цех осы жұмысты қолға алды. Көпшілігі Ақтөбе қаласы мен ауданданынан ғана емес, өзге аймақтардың  да тапсырысын орындап жатыр. Ал кәсіпкер Ағила Жанғазиева «Көпбалалы отбасыларға тегін таратуға дайынбыз. Кез келген отбасы мүшесі Ақтөбе қаласы, 101 атқыштар бригадасы бойындағы ательеге барып, маска алса болады», – дейді.