2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Португалия құрамасы Арменияға қарсы Ереванда өткен ойында 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Қонақтар сапынан Жоау Феликс (10, 61-минуттар) пен Криштиану Роналду (21, 46) дубль жасаса, тағы бір голды Жоау Канселу (32) соқты.
Криштиану Роналду бұл ойында мансабындағы 942-голын соқты.