Ол бүгін өзінің анасынан айырылғанын көпшілікке хабарлады.
Қайғылы хабар: Қазақстандағы танымал блогердің анасы бақилық болды
1,552
оқылды

Қазақстанда ғана емес, шетелде де өз оқырмандарын тапқан танымал блогер Нұргелді Драконның отбасы орны толмас қазаға ұшырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол бүгін өзінің анасынан айырылғанын көпшілікке хабарлады.

Ерекше пранктары арқылы танылып, әр видеосын "Сәуле!" деп аяқтайтын Нұргелді көпшіліктің көңілінен шығып жүрген еді. Бірақ өкінішке қарай, блогердің анасы Сәуле ханым өмірден өтті.

Қаралы хабарды Нұргелдінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті.

Блогерді жақсы көретін отандық және шетелдік жанкүйерлері көңіл айтып, қайғысына ортақтасып жатыр.

"Біз бүгін анамызды емес, өзімізді де жоғалтып алдық. Сен менің өмірімдегі ең ғажап Ана болдың!",- деп жазды ол.