Адвокат Гаухар Сариева Instagram-дағы парақшасында бүлдіршіннің қазіргі жағдайын хабарлады. Оның айтуынша, балаға шұғыл ота жасалып, тіліне 8 тігіс салынған.
Талғардағы қанды оқиға: «Баланың тілін 8 жерден тікті»
989
оқылды

Талғарда баланы ұрлап, ер адамды өлтірді деген күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Еске сала кетсек, бұған дейін белгісіз ер адам жергілікті тұрғынды атып өлтіріп, 2 жасар қызды ұрлап, қашып кеткен еді. Нақты айтқанда, 6 қыркүйекте күдікті бұрынғы жақын қарым-қатынаста болған әйелмен жанжалдасып, оның ағасымен жағаласып қалған.

Адвокат Гаухар Сариева Instagram-дағы парақшасында бүлдіршіннің қазіргі жағдайын хабарлады. Оның айтуынша, балаға шұғыл ота жасалып, тіліне 8 тігіс салынған.

Қылмыскер кішкентай қызды көлікке мінгізіп алып, бірге аударылып түсті. Сол кезде бүлдіршін жарақат алып, тіліне тігіс салынды. Қылмыскер баланы ұрған жоқ. Оның тірі қалғанына шүкір, – деді адвокат.

Оқиға кезінде баланың анасы үйде болмаған. Сол кезде ол онкологиялық науқас көршісіне дәрі қойып жатқан.

Дәл осы сәтте қылмыскер келіп, оны және қызын іздеген. Егер әйел үйде болғанда, жағдай мүлдем басқаша өрбуі мүмкін еді, – дейді адвокат.